 |
|
2014 жылына жұлдызнама: Балықтар
Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Балықтар
2014 жылы өзіңіздің жұмсақ және икемделгіш мінезіңіздің кесірінен көптеген мәселелерді айтарлықтай оңай шеше алмайсыз. Жылқы жылы өздігіңізден шешім қабылдауға тура келеді. Отбасы мүшелеріңіздің ықпалынан арылыңыз, олар өз көз қарасын кейде бұрыс әрі кертартпа өмір салтын сізге таңып қояды. Өмір жалғыз екенін ұмытпаңыз, өзіңіздің қалауыңызбен өмір сүріңіз, қоғамның сәнді немесе дұрыс қағидасына бағынбаңыз.
Жыл басында өзіңіз маңызды шешім қабылдаңыз: бұл некелесу ұсынысы, қаржы келісімі, айырылысуға шешім болуы мүмкін. Қарап тұрсаңыз – оңай жағдай емес, олар сізден батылдықты, жетек ойлауды қажет етеді. Бұл жерде ең бастысы сізге ешкім қулық әрекет жасамау қажет. Егер біреу дұрыстап берген шешім сіздің көңіліңізден шықпаса, онда сіз сол кеңесшіні өмір бойына жек көріп кетуіңіз мүмкін. Өз өміріңіздің қожайыны болыңыз. Өзіңізді жиі көрсетіп жүріңіз. Сіз кез келген мәселені шеше аласыз.
2014 жылы жаздың соңы мен күздің аяғында сіз әлде қайда табанды болыңыз. Бақытыңыз қасыңыздан кетіп бара жатыр. Оның басты мәселесі оны көрмегендіктен емес, байқауға қорқатындықтан болады. Сенімсіздік сіздің таянышыңызды қайрап жатыр. Тәуекелге салынбай отырып, сіз екі есе тәуекелге түсіп отырсыз. Жұлдыздардың жағымды әсерімен сізді кез келген бастауда жеңіс күтіп тұр. Бастысы жетістіктің шыңына шыққанда, ақылыңызды жоғалтып алмаңыз. Сіз әрине тәжірибелі, күшті адамсыз, бірақ құдіретті емессіз ғой. Жылқы жылында бұны ұмытпаңыз.
Бұл жылы айналаңыздағы әріптестеріңізбен және достарыңызбен жетістікпен бөлісуге тура келеді. Олардың тікелей қатысуынсыз ісіңіз максималды табысқа жете қоймайды. Одан басқа сіз өзіңізден күшті адамның ізімен жүре аласыз, дегенмен өзіңіз де кез келген мәселені тамаша шеше аласыз. Көлеңкеде қалмаңыз, біреудің сізді итермелегенін күтпеңіз.
Келе жатқан жылы отбасылық өміріңізде барлығы ойдағыдай болмайды. Сіз құлағыңызға жетіп жатқан өсекке сенбей, өз сезімдеріңізге сеніңіз. Шын мәнісінде барлығы жаман емес. Жалғыссырамаңыз. Қиын мәселені бірге отырып шешіңіз. Сонда үйіңізге тыныштық пен үйлесімдік оралады. Көптеген мәселелер көреалмаушылар қызғанышының кесірінен болады. Отбасыңызда болып жатқан мәселелермен ешкіммен бөліспеңіз. Бұл сұрақтарды сіз бейтаныс адамдардың көмегінсіз шеше аласыз. Жүйкеңіздің шаршағанынан өз денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Таза ауада көп жүріңіз, спортпен шұғылданыңыз немесе таңертеңгі жаттығуларды жасаңыз. Жүйелі түрде дұрыс тамақтанып тұрыңыз, жүрек жалғап алғанды қойыңыз. Осындай қарапайым кеңестер сізге өмірлік ауыртпашылықтан жақсы өту үшін көмектеседі.
Негізі: Horo.by
Балықтар - Апта сайынғы жұлдызнама!
Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!2014 жылына жұлдызнама: Тоқты |
|
 |
|
Ауа-райы Алматыда |
10 күнге |
басқа қала |
|