Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Торпақ

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Торпақ

Келе жатқан Жылқы жылы торпақ өзінен және өзінің қағидаларынан аумайды. Сіздің көзіңіз ашық және өмірге нақты қарайсыз. Сондықтан Жылқының сізге ұсынатын тосын сыйларын сабырлықпен көтересіз және кез келген жағдайдан абыроймен шығасыз. Жылдың басында сізге бірнеше ұсыныс жасайды, олар сіздің кәсібіңізді толығымен өзгертуі мүмкін. Бас тартудан асықпаңыз. Жұмысыңызда барлығы ойдағыдай болғанымен, сіздің өміріңізді түбірімен өзгертетін мүмкіншілік болуы мүмкін. Егер сіз бұл мүмкіншілікті қабылдасаңыз, онда келесі жылдың ортасында жұлдыздардың сізге берген ұсынысты бағалай аласыз.

Сіз барлығын тәжірибе арқылы шешесіз, сондықтан дұрыс шешімге келетініңіз анық. Ақпаннан мамырға дейін Юпитер, Уран және Плутон іске қосылады, сіз үшін бұл айтарлықтай қиын кезең болады және бұл жерде сіздің сенімсіздігіңіз көмекке келеді де, ойланбай шешім қабылдауды тоқтатады. Қаржы жағынан сізде барлығы бірқалыпты. Жылдың екінші жартысында жақсарып қалуы да мүмкін. Өмірге үнемді қарау айтарлықтай сәтті өмір құруға көмектесті. Сізде кәсіби жұмысыңызға байланысты күтпеген шығындар пайда болуы мүмкін, сақ болыңыз. Сіз жинағыңызды салымға салғыңыз келеді, бірақ жақсылап ойланыңыз, өйткені барлығын жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Отбасылық қарым-қатынаста да қиындықтар туындауы мүмкін. Сіз айналаңыздағылардың сөзіне онша құлақ салмайсыз. Жеке өміріңізде де солай. Сонымен бірге сіздің күдікшілігіңіз бен қызғаншақтығыңыз барлығын одан да шиеленістіруі мүмкін. Сіз жақын адамдарыңызға сенім білдіруіңіз керек. Сонда қарым-қатынастағы дағдарыстан құтылуыңыз мүмкін. Мамырда қарт туыстарыңызбен қарым-қатынасты бұзып алуыңыз мүмкін. Оларды ренжітпеңіз. Шыдамдылық танытып, олардың кеңестеріне құлақ салыңыз. Олар сіздің қамқорлығыңызға мұқтаж, соңғы кездері сіз оларды мүлдем ұмытып кеттіңіз. Сіз өте салмақтысыз, бірақ 2014 жылы бірнеше рет өте күрделі жағдай туындауы мүмкін. Ең бастысы, бар жағымсыз эмоцияларыңызды жақын адамдарыңызға жұмсамаңыз. Олар шын мәнісінде ренжіп қалуы мүмкін.

Достарыңызды ұмытпаңыз, сіз олармен көріспейсіз де. Ерінбеңіз, оларға да уақыт табыңыз. Олармен кездесулер сізге жағымды күш-қуат береді. Келе жатқан жылда сіз аурушаңдықты сезінбейсіз. Дұрыс тамақтаныңыз, таза ауада қыдырыңыз, мүмкіндігіңіз болғанда тренажер залына барыңыз, сонда сіздің күш-қуатыңыз қалпына келеді.

Негізі: Horo.by

Торпақ - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Егіздер

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен