 |
|
2014 жылына жұлдызнама: Бикеш
Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Бикеш
Бикештерге Жылқы жылы айтарлықтай тұрақсыз болады, жалпы өзге белгілер секілді. Сіз айтарлықтай жұмысқа қабілетті адамсыз және жолыңызда тұрған барлық бөгеттерді шыдамдылықпен жеңесіз. Келе жатқан жылы ақшаның артынан қуалауды кейінгі орынға қалдыра тұру қажет. Сіздің астрограммаңыз сізді қаржылық жетістіктермен қуантпайды. Бизнесте қасыңыздың жоқтығы және қарызыңыздың жоқтысы – сіздің мүмкіншілігіңіз. Ісіңізді жоғалтсаңыз, онда бірер жыл сізді қаржылық сәтсіздік күтеді, оларды оңайшылықпен жеңе алмассыз. Сондықтан тағдырды талқыға салудың қажеті жоқ. Барыңызды бағалаңыз – күмәнді келісімнен, заңсыз істен бас тартыңыз, қарызды шұңқырға түсіп қалмаңыз.
Сіз туғаннан өте шыдамды адамсыз, сондықтан кез келген қиын жағдайдан абыроймен шығасыз. Сіз өте үнемшілсіз, сондықтан айтарлықтай ақша сомасын жинақтай алдыңыз. 2014 жылы сіз өз әрекетіңізде тек фактілерге жүгінетін боласыз, кейде алған ақпаратқа үлкен күмән білдіретін боласыз. Бұл сақтығыңыз бекер, білгеніңіздің барлығының сізге пайдасы бар. Күдікшілік кең көлемді қадам жасауға кедергі болады. Алған толық ақпараттың ішінен бастысын ғана алуға тырысыңыз. Ұсақ нәрсе үшін бағаңызды түсірмеңіз, ірі жобалар сіздің қолыңыздан келеді, үздікке талпыныңыз. Алдыңызға биік мақсат қойып, соған қол жеткізуге тырысыңыз.
Жеке қарым-қатынаста барлығы оңай емес. Жаңа жылда сіздің сезімдік тұрақсыздығыңыз отбасында жанжалды жағдайлар туындатады. Бұл кезде сіз өзіңізді емес, өзгелерге кінә тағасыз. Сіздің таусылмас тиісуіңіз бен ескертулеріңіз отбасыңыздағы ең шыдамды мүшесінің де салмақтығын жойып тастайды. Сіз жақындарыңыздың неге ренжіп отырғанын да шын жүректен түсінбей отырасыз. Өзіңізді қолда ұстауға тырысыңыз және жақындарыңызға сабырлық танытыңыз. Әйтпесе жыл соңында араларыңыз суып кеткенін байқайсыз. Өзіңіз жоғары бағалайтын отбасыңыздағы үйлесімдіктен айырылып қаласыз. Балаларыңыздың сіздің көзіңізге көрінбейдің амалын жасағанда, таң қалып отырасыз. Аталған мәселеге шын мәнісінде көңіл бөліңіз, өйткені болашақта одан да күрделі мәселені шешуге тура келеді. Бірге жасайтын қызықты іс табыңыз. Бос уақытыңызды бірге өткізуге тырысыңыз. Егер жаз ортасында экзотикалық елге демалуға жолдама ұсынса, бас тарпаңыз. Оған жұмсаған шығынды, бірге өткізген қайталанбас сезімдік қуанышты сәттеріңіз өтейді.
Негізі: Horo.by
Бикеш - Апта сайынғы жұлдызнама!
Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!2014 жылына жұлдызнама: Таразы |
|
 |
|
Ауа-райы Алматыда |
10 күнге |
басқа қала |
|