Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Су құйғыш

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Су құйғыш

Су құйғыштардың 2014 жылғы ұраны: «Іздесең, табарсың». Жылқы жылы сіз айналаңыздағы адамдарға және алуан түрлі жағдайларға назар аудармай өз жолыңызбен жүресіз. Бұл кезеңде қаржы жетіспеушілігінен жабырқау боласыз. Бірақ жұлдыздар жігерлігіңіз бен табандылығыңыз үшін жақсы көмек көрсетеді. Жігерлік танытып, ой-өрісіңізді кеңейтіңіз, сонда сізге табыс табудың жаңа жолдары ашылады. Зодиак белгісінің жалғыз басты өкілдерінде осындай үрдіс байқалады. Бақыт аспаннан құлап түспейді.

Көктемде жұмысты біршама ысырып қойыңыз, көңіл көтеруге, спортқа, курстарға уақытыңызды босатасыз. Жаңа жерге барып, жаңа қоғамның бір бөлігі болып, айналаңызға жаңа адамдарды жинасаңыз, қарсы жынысты адамдарда қызығушылық туғызатындығыңызға көз жеткізесіз. Некесі қиылған Су құйғыштар айтарлықтай бақытты болады. Дегенмен жақындарыңыздың қатыкездігі сізді ренжітеді. Өзіңізде реніш сезімін қалдырмаңыз. Серігіңізбен отырып болған жағдай туралы сөйлессеңіз болғаны. Бұл шешімін табатын мәселе. Достарыңызбен жақсы қарым-қатынастасыз. Егер олардан көмек керек болса, сеніммен оларға хабарлассаңыз болады.

2014 жылы жаңа адамдармен танысу мүмкіншілігі бар, олармен берік достық қарым-қатынас қалыптасады. Сіз жалғанды жақсы сезесіз, сондықтан сізге шынайы сезіммен қарайтын адамдарды оңай тауып аласыз. Жылқы жылы әр түрлі қызығушылық топтардың элементі болып, әлеуметтік беделді кеңейту өте маңызды. Бұл сізге қажетті материалды құндылықтармен қамтамасыз етеді және өміріңізді рухани байытады. Жылқы жылы бұрыннан дайын тұрған, бірақ оны жүзеге асыра алмаған жобаларыңызды іске асырғыңыз келеді. Батыл болыңыз, қазір қолыңыздан барлығы келеді. Бұл сіздің қаржылық жағдайыңызды нығайтады. Тек шыдамдылықтың жетсіпеушілігі жолыңызда бөгет болуы мүмкін. Ұстамды болыңыз. Үнемі өзгерістерге бейімділігіңіз табысты бекітуге кедергі жасайды.

Келе жатқан жылда сізді қызықты саяхат күтеді. Жаңа әсер және қызықты ақпарат аласыз. Кейбір Су құйғыштар осы сапарда болашақ өмірлік жарын кездестіруі мүмкін. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Ұзақ уақыт бойына сезілмеген созылмалы ауруларыңыз асқынып кетуі мүмкін. Күтіп отырмаңыз, бірден мамандарға барып көрініңіз.

Негізі: Horo.by

Су құйғыш - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Балықтар

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен