Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Шаян

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Шаян

Шаян үшін Жылқы жылы сабырлы өтеді. Өзіңізге көбірек сенімдік таныту сізге кедергі болмайды. Өміріңізді түбімен өзгертетін шешімдерді қабылдауға қорықпаңыз. Сіздің қиялыңыз кең, сондықтан сізге ауыр жағдайлардан шығу оңай болады. Сіздің интуицияңыз сіз үшін жұмыс жасайды. Сондықтан сіз кейбір жағымсыз оқиғаларды алдын ала сезіп отырасыз. Қандай да бір белсенді әрекеттерді жасамағаныңыз жөн болар.

Жылдың бірінші жартысында Юпитер басшылықта болады, сіз жұмысқа байланысты ашушаңдықты сезінесіз, бірақ мамырдың аяғында барлығы қалпына келеді. Тапқан табысыңызды ойланып жаратыңыз. Кейбір Шаян өкілдері жазда жөндеу жұмыстарын бастағысы, жиһазды ауыстырғысы немесе жаңа автомобиль сатып алғысы келуі мүмкін. Бұл өте қолайлы кез. Қолданыңыз. Жылдың соңында қаржы жағдайыңыз қиындауы мүмкін. Егер жаңа жобаны бастағыңыз келсе, онда тек өз күшіңізге ғана сеніңіз. Достарыңыздан көмек сұрамаңыз. Араңызда келісе алмаушылық туындап, достарыңыздан айрылып қалуыңыз мүмкін. Одан да достарыңызға өз көмегіңізді ұсыныңыз. Олар қуана қарсы алады.

Келер жылда көптеген Шаяндар рақымдылық пен қайырымдылық танытады. Сіз өзгелердің қайғысына ортақ болып, тіпті танымайтын адамдарға да көмек көрсетесіз. Сіз шиеленіскен мәселелердің шешімін оңай таба аласыз. Отбасылық қарым-қатынастар айтарлықтай қалыпты болады. Жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіз, олар да сізге солай қарайды. Сіз отбасыңызға өте жақын адамсыз, туыстарыңыз үшін өзіңізді құрбан етуге дайынсыз. Сіз игі істерді жасауға дайын адамсыз. Бастысы сізге сүйіспеншілік танытып, істегеніңізді бағаласа болғаны.

2014 жылы сіз бірнеше рет алғыс сөздерін естисіз. Олар сіз үшін өте маңызды. Келе жатқан жылы сіз материалды мәселелерде өзіңізді артқа қалдырасыз. Осы жылы сізді көптеген өзгерістер күтуде. Егер алдыңызға қойған мақсаттарыңыз орындалмаса, көңіліңізге алмаңыз. Қиял жайылғаннан кейін сіз көптеген мәселелерді оңай шеше аласыз. Сезімдерді шетке шығарып тастап, шешімдерді қабылдауға тырысыңыз. Жан-жақтан түсіп жатқан кеңестердің барлығын орындаудың қажеті жоқ. Жылқы жылында денсаулығыңыз жақсы болады. Тонусыңыздың жақсы болғанына өзіңіз де таң қаласыз. Осы қалпыңыздан айрылып қалмаңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ауыр тамақтан және ішімдіктен бас тартыңыз. Көбірек демалуға және қыдыруға тырысыңыз.

Негізі: Horo.by

Шаян - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Арыстан

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен