Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Арыстан

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Арыстан

2014 жылы Арыстан белгісінде туылған адамдар біраз қиындықтарға душар болады. Өмір төтенше жағдайлардан тұратынын естеріңізден шығармаңыз. Көп жағдайда сіз қарапайым өмірлік қызықтарды елемейсіз. Сіз байлықтың, материалды ахуалдың артынан жүгіріп жүрсіз. Кейде сіз нағыз өмірлік құндылықтың не екенін түсіну үшін көзіңізді ашуыңыз керек. Қарым-қатынас жылулығы, табиғатпен байланыс, сабырлық, сіз жаңа жылда осыларға қол жеткізуіңіз керек. Бұрыңғы өткенді, қате пікірді жіберіңіз. Өмірге жаңа көзбен қараңыз. Жылдың екінші жартысында өміріңізде өзгерістер болады.

Жұлдыздар сізге біршама сынақ дайындап қойды, олардан өткен соң сіздің дүниеге көзқарасыңыз өзгереді. Ең бастысы қолыңызды түсірмей, іштей жабылмай, келе жатқан оқиғаларды сабақ ретінде қабылдау. Ақпан айында сізге қастық істеуі мүмкін немесе сіздің қолыңызбен заңға қарсы әрекеттер жасатқысы келуі мүмкін. Абайлаңыз және сақ болыңыз. Сіздің керемет ерік күшіңіз бар, сондықтан кез келген қиын жағдайлардан шыға аласыз. Жылқы жылы сіз жақсы табысқа жетесіз. Мақсатқа жету үшін үлкен жігерлілік қажет. Сізге қас адамдар кәсіби қызметіңізге байланысты қастық жасайды. Оларға қайырымдылықпен қараңыз. Арандатуға берілмеңіз және соңына дейін барыңыз. Жылдың соңында дұрыс жасағаныңыз туралы түсінесіз және оған қол жеткізуге сіздің жақын адамдарыңыз көмектеседі. Олардың қол ұшынан бас тартпаңыз. Сіздің тәккапарлығыңыз келер жылда сізге кесірін тигізуі мүмкін. Сіздің қисынсыз әрекеттеріңіздің кесірінен ұзақ жыл бойы бірге болған достарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Көктемнің соңында Марс Таразы шоқжұлдызына кірген кезде отбасыңыздағы қарым-қатынас тұрақтанады. Көптеген Арыстандар жақындарына қамқор болғысы келеді. Бұл керемет әрине, бірақ асырып алмаңыз. Барлығын олардың орнына жасаудың қажеті жоқ. Жақындарыңызға шешім қабылдауына мүмкіндік беріңіз. Айналаңыздағылардан көп талап етпеңіз, өзіңіздің де олардың да өмірін қиындатпаңыз. Жаңа жылда өз денсаулығыңызды жақсарту қажет. Күз бен қыста жарақат алуыңыз мүмкін. Отбасыңызбен бірге демалысқа барғаныңыз абзал. Қаржы жағдайыңыз өзіңіз бен отбасыңызды еркелетуге мүмкіндік береді. Алайда көп жаратпаңыз, тек бүгінгі күнмен тіршілік етудің қажеті жоқ. Қаржы мәселесіне есеппен қарау керек.

Негізі: Horo.by

Арыстан - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Бикеш

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен