Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Тау ешкі

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Тау ешкі

Жылқы жылында сіз көптеген оқиғаның ортасында жүресіз. Кейде тіпті ақылға сыймайтындай болып кетеді. Күзгі айларда қызба мінезіңізді қолда ұстауға тырысыңыз. «Революциялық икем», өзгеріс пен әділдікке әуестену сіздің ақылыңыздан шықпайды, ондай болған жағдайда орынды және дұрыс ойларыңызды шығарып тасталынады. Маңызды шешімдерді қабылдағанда өзімшілдігіңізді қойыңыз. Менменшілдігіңізді екінші сатыға қойыңыз. Ата-анаңызды, балаларыңызды, жарыңызды ойлаңыз. Олардың тыныштығы мен саулығы үшін өз қағидаларыңызды құрбан етіңіз. Бұл кезеңде әлеуметтік, саяси, ұлттық қарама-қайшылық негізінде үкіметпен жанжалдасудан қашқақтаңыз.

Көктемде Уранға Юпитер әсер ететіндіктен сіз оқиғаларға шапшаң әсер ете алмайсыз және дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Сіз әлі «қысқы ұйқыдан» көз аша қойған жоқсыз. Өмір деген бұлақтай шапшып жатыр, сіздің достарыңыз капиталын ұлғайтып, болашаққа жоспар құрып, жаңа қарым-қатынас бастап жатыр. Олардың аясында сіз өте енжар болып, зодиактың бұл белгісіндегі адамдарға лайықсыз еріншек болып жүрсіз. Оған қарамастан сіз өте сабырлысыз, көңіл-күйіңіз жақсы, барлығына ғалами қарап, өзіңіздегі бар ға қанағат болып жүрсіз. Бұл әрине жаман емес. Алайда егер сіз өркендегіңіз келсе, жаңа белестерді жаулап алғыңыз келсе, онда жұдырықты түйіп алып, өзіңіздің жеке жайлы аумағыңыздан шығуыңыз қажет. Ізденіңіз, тырмысыңыз, күш жұмсаңыз, жүктемеге шыдаңыз, сонда көктем соңы мен жаз басында сіз міндетті түрде істеген әрекеттеріңіздің жемісін көресіз. Осы кезде жұмсаған күшіңіздің жемісін көресіз.

2014 жылы сіз айналаңызда болып жатқан көптеген оқиғаларға сенімсіздікпен қарайсыз. Осы кезеңде сізді ренжіткен адамдардың ісі жүрегіңізде терең із қалдыруы мүмкін, сіз сол адамдарды кешіре алмауыңыз да мүмкін. Келе жатқан жылы сіз айтарлықтай өзімшіл әрекеттер жасайсыз, бұны сіздің жақындарыңыз байқайды. Бұдан басқа сіз тек өзіңізге ғана көңіл бөлетін боласыз. Бұл әрине жақсы, бірақ жақын адамдарыңыз туралы ұмытпау қажет, олар сіздің назарыңызға мұқтаж.

Отбасыңызда қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Көбірек сезім білдіріп жүріңіз. Жарыңыз кейде оған немқұрайлы қарайсыз деп ойлайды. Алайда бұл мүлдем олай емес. Көбірек жылылық пен қамқорлық танытсаңыз, онда Жылқы жылы отбасылық қарым-қатынаста дағдарысқа ұшырамайсыз. Кейбір Тау ешкі өкілдерін бұл жылы тоқырауға ұшырауы мүмкін. Одан шығу сізге өте қиын болады. Жинақталыңыз, барлық жерде жағымды сәттерді табуға тырысыңыз. Жаман жаңалықтардан аулақ жүруге тырысыңыз, тек жағымды сезім оятатын адамдармен ғана қарым-қатынаста болыңыз.

Негізі: Horo.by

Тау ешкі - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Су құйғыш

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен