Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

2014 жылына жұлдызнама: Мерген

Орналасқан жеріңіз: Жұлдызнама - Мерген

Мергендер үшін 2014 жыл айтарлықтай ауыр өтеді. Барлық қатынаста тәуелсіз боламын деушілігіңіз сіздің билік жүргізу ынтаңызды оятады. Бұны жұмыстағы әріптестеріңіз де, үйдегілеріңіз де сезеді. Жылқы жылында сіз көп уақытта ойланбай әрекет жасайсыз және жөнсіз оқиғаларға душар боласыз. Ойыңызды жалғансыз тік бетке айтуыңыз сізге пайда әкелмейді. Сұхбаттасушыңызға үнемі шындықты айтудың қажеті жоқ. Кейде үндемей қоя салған жөн.

Достарыңыздың немесе жоғары беделді қамқоршыңыздың қолдауының арқасында сіздің қаржы жағдайыңыз жақсарады. Сондықтан ақшалай қиындық көрмейсіз. Олар оңай келіп, оңай кетеді. Ал сіз туыстарыңызға қымбат сыйлық жасай аласыз. Шын мәнісінде сіз тағдыр ұсынып отырған өмірді қабылдай алмайсыз. Бұл сіздің қарсыластарыңыз бен бәскелестеріңіздің мүддесіне сай. Жылқы жылында тек ережемен ғана өмір сүру керек деген қағидадан арыласыз. Бірақ сақ болыңыз. Мақсатқа жету үшін «лас әдістерді» сирек қолданыңыз. Мақсат шығынды ақтайды деген өмірлік ұстаным жақсы емес. Ар-намысыңызды сақтаңыз. Өкінішпен өмір сүру өте қиын.

Жылқы жылында біреуді ренжітіп немесе біреудің сізге тиесілі емес затын алып қойсаңыз, мүмкін ол зат оның соңғысы шығар, түзетуге болмайтын әрекет жасасаңыз, онда ұзақ жылдарға созылатын сезімдік дағдарысқа ұшырайсыз. Бұл жылы ар-намыспен ойнаудың қажеті жоқ. Отбасылық өміріңізде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Кейде тұрмыстық мәселелер қиындай түсер, бірақ олардың шешімін табу қажеттігін өзіңіз де білесіз.

Екінші жартыжылдықта қарт туысқандарға байланысты сәтсіз сәттер болуы мүмкін. Бұл мәселеге шындап қараңыз. Оларға қолдау көрсетіп, көбірек назар аударыңыз. Олардың қымбат ем қабылдауларын немесе сауығуларын сіз төлей аласыз. Төлеп беріңіз. Әйтпесе кейін қатты өкінетін боласыз, мүмкіншілікті жіберіп алғаныңыз үшін өзіңізді іштей сөгіп жүретін боласыз. Сіздің денсаулығыңыз біршама тұрақты болады және 2014 жылы айтарлықтай ауыртпашылық көрмейсіз. Жылдың суық күндерінде шалдығатын тұмау ауруын да жеңіл көтересіз. Алдын алу шараларын қолданыңыз, сонда тез арада өз қалпыңызға келесіз.

Негізі: Horo.by

Мерген - Апта сайынғы жұлдызнама!

Өз туыстарыңызды алда не күтіп тұрғанын біліп алыңыз!

2014 жылына жұлдызнама: Тау ешкі

 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен